АЛМАТЫ, 12 шілде — Sputnik. Жібек Жолы даңғылында төрт қарағашты кескен жұмысшылар полицейлер мен әкімдік қызметкерлеріне алданып қалғандарын мәлімдеді. Ғимарат иелері қолдарында ағаш кесуге рұқсат беретін тиісті құжат бар деп сендірген көрінеді.
Қалалық әкімдік тілшілерге хабарлағандай, ғимарат иесі шетелде жүргендіктен, оның өкілі ұсталыпты. Оған қатысты әкімшілік шаралар қолданылып жатыр.
Ірі көлемде айыппұл төлеп қана қоймай, Алматыда ағаш отырғызуға міндеттелуі мүмкін. Бұл шара қаладағы ағаштарды еш сұраусыз кескендерге қарсы қолданылатын.