Мәдениет

Витебсктегі Славян базары: Димаштың жолын қуған қазақ әншісі кім?

CC0 / Pexels / Микрофон
Микрофон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Димаш Құдайберген балалар байқауының әділқазылар құрамында болады

АСТАНА, 11 шілде — Sputnik. "Витебсктегі Славян базары" халықаралық байқауы Беларусьте 12-16 шілде аралығында өтеді.

Осыдан үш жыл бұрын Димаш Құдайбергеннің жұлдызды жолы "Славян базарынан" басталған еді. Бүгін де Димаш бүкіл әлемге аты әйгілі әншіге айналды.

Сенбеңіздер, мен тірімін: Димаш өзінің өліміне қатысты ақпаратты жоққа шығарды

"Витебсктегі Славян базарын" қайдан тамашалауға болады? 

Байқау қатысушыларының өнерін "Беларусь 24" халықаралық спутниктік телеарнасының тікелей эфирінде тамашалай аласыз.

Онлайн-трансляция Белтелерадиокомпания сайтында және "Одноклассники" желісінде — www.ok.ru/belarus1 болады. 

"Славян базарында" Қазақстанның намысын кім қорғайды? 

Қазақстанның атынан халықаралық байқауға 23 жастағы Ернар Сәдірбаев қатысады. Ол көпшілікке Әмре деген атпен белгілі.

Сәдірбаев Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының төртінші курсында оқиды, R&B, Bossanova-Latino, Pop-classic, Pop жанрында ән айтады.

Әлемге аты әйгілі отандасы Димаш Құдайбергеннің жолын қуған Әміренің бұл байқаудағы алар асуы осы аптада белгілі болады.

2015 жылы гран-при жеңіп алған Димаш биыл балалар байқауының әділқазылар құрамында отырмақ. Айтпақшы, балалар арасындағы "Славян базарында" Қазақстанның намысын Әбілқайыр Жұмабай қорғайды.

Жаңалықтар
0