Спорт

Бурабайда 125 метр биіктіктен секірген спортшы Назарбаевтың көз алдында құлады

© Sputnik / Медина КураковаБурабайдағы трамплин
Бурабайдағы трамплин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа шаңғы кешенін таныстыру кезінде спортшы омақаса құлады

 

ЩУЧЬЕ, 11 шілде — Sputnik. "Бурабай" кешені трамплинінде Қазақстанның ұлттық құрамасының жарысы кезінде бірінші болып 125 метр биіктіктен секірген спортшы құлап қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқыс оқиға Щучьеде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа "Бурабай" шаңғы базасы кешенін таныстыру кезінде болды. Бұл уақытта Қазақстанның ұлттық құрамасының 200-ден спортшысы оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатқан.

© Sputnik / Медина КураковаБурабайдағы трамплин
Бурабайдағы трамплин - Sputnik Қазақстан
1/3
Бурабайдағы трамплин
© Sputnik / Медина КураковаБурабайдағы трамплин
Бурабайдағы трамплин - Sputnik Қазақстан
2/3
Бурабайдағы трамплин
© Sputnik / Медина КураковаНұрсұлтан Назарбаев халықаралық "Бурабай" шаңғы базасымен танысты
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық Бурабай шаңғы базасымен танысты - Sputnik Қазақстан
3/3
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық "Бурабай" шаңғы базасымен танысты
1/3
Бурабайдағы трамплин
2/3
Бурабайдағы трамплин
3/3
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық "Бурабай" шаңғы базасымен танысты

125 метр биіктіктен секірген спортшы жерге түсерде қателік жіберіп, трамплиннің етегіндегі жасыл төсемге құлады. Қуанышқа қарай, спортшы зардап шеккен жоқ, ол бірнеше секундтан кейін жасанды газонның үстінен тұрып, жиналған қонақтарға ізет білдірді. 

ТМД-да еш жерде жоқ "Бурабай" шаңғы кешені 125 гектар жерге орналасқан. Жаңа кешеннің шаңғыроллер трассасының жабдықталуы жыл бойына кез келген деңгейдегі жарыстар мен жаттығулар өткізуге мүмкіндік береді. 

Видео: президент сөйлеп жатқанда артта тұрған сарбаз құлап түсті 

Белгілі кәсіпкердің қызы мінген ұшақ құлады


Жаңалықтар
0