Қоғам

Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға салық: кім қанша төлейді?

© Photo : Pixabay / EdarКалькулятор
Калькулятор - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жоспар бойынша, бірыңғай жиынтық төлем қала тұрғындары үшін 1 АЕК, ал ауылда тұратындар үшін 0,5 АЕК болмақ

АСТАНА, 11 шілде — Sputnik. Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға бірыңғай жиынтық төлем енгізуді ұсынды, деп хабарлайды ведомство вице-министрі Нұржан Әлтаев үкіметтің баспасөз орталығында.

Планшет, ноутбук - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар зейнетақы қорына ақша аударуға міндеттеледі

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлік бейресми қызмет ететін немесе қандай да бір кәсіпкерлікпен айналысатын, бірақ ешқайда тіркелмеген адамдарды көлеңкеден шығаруға мүмкіндік беретін бірқатар құралдар жасап жатыр", — деді Әлтаев, деп жазады Sputnik primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Вице-министрдің айтуынша, үкімет пен министрлік бұл адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру құрылымына ауыстыру үшін бірлесіп жұмыс атқаруда.

"Азамат зейнет жасына жеткенде зейнеткерлікке шығып немесе ауырып қалса, яки әйел адам бала күту үшін демалыс алатын болса – бұл адамдар әлеуметтік жәрдемақыдан құр қалуы мүмкін", — дейді ол.

Бірыңғай жиынтық төлем

Бүкіл қазақстандықтар әлеуметтік жәрдемақы алып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысу үшін, еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) енгізуді ұсынады. Заң жобасы биыл қыркүйекте мәжілісте қаралатын болады.

Әлтаев хабарлағандай, БЖТ енгізу тіркеуді жеңілдетіп, салық жүктемесін азайтады, МӘМС аясында медициналық қызмет алуға және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен әлеуметтік жәрдемақы алуға мүмкіндік береді.

29 миллиард теңге қосымша жалақы: кімдер және қашан алады?

Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар қанша төлейді

БЖТ көлемі қала тұрғындары үшін бір АЕК, ал ауылда тұратындарға 0,5 АЕК болып бекітілмек. Сонда түскен қаражаттың 10%-ы жеке кіріс салығына, 20%-ы – міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына, 30% зейнетақы төлеміне және 40%-ы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға бөлінеді. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің есептеуі бойынша, БЖТ енгізудің арқасында 500 мың өзін-өзі жұмыспен қамтушы көлеңкеден шығарылады.

"Жүргізуші куәлігі үшін 20 мың теңге?" ІІМ жауап берді

Әрбір оныншы қазақстандық шетелге шыға алмауы мүмкін

Жаңалықтар
0