Қоғам

Қазақстанда 5 мың қауіпті қылмыскер мерзімінен бұрын бостандыққа шығады

© AFP 2024 / JACK GUEZҚылмыскерлер
Қылмыскерлер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл елімізде қабылданған қылмыстық саясатты ізгілендіру туралы заң аясында жүзеге аспақ

АСТАНА, 10 шілде — Sputnik. Қазақстанда ауыр қылмыстар бойынша жауапқа тартудың ескіру мерзімі бес жылға қысқартылмақ. Соның нәтижесінде бес мыңға дейін сотталушы бостандыққа шығады. Бұл туралы бүгін бас прокурор Қайрат Қожамжаров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

тергеу изоляторы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанға Грузиядан аса қауіпті қылмыскер жеткізілді

Заң жобасы қылмыстық саясатты ізгілендіру мақсатында әзірленген. Заңға Қазақстан президенті қол қойды.

Отқа жағу не дарға асу. Әлем елдері педофилдерді қалай жазалайды?

"Қылмыстың 260 құрамы бойынша бас бостандығын шектеу, қоғамдық жұмыстар енгізіледі. Айыппұл төмендетіліп, 36 құрам бойынша бас бостандығынан айыру мерзімі азайтылуда, ауыр қылмыстар бойынша жауапқа тартудың ескіру мерзімі бес жылға қысқартылып отыр. Нәтижесінде бес мыңға дейін азамат бостандыққа шығады. Заңға мемлекет басшысы қол қойды. Заңдылықты нығайту жұмысын одан әрі жалғастыратын боламыз", — деді бас прокурор алқа отырысы барысында. 

Қазақстанда ауыр қылмыс санатына зорлау, ұрлық, тонау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян тигізу және тағы басқалары жатады. Қылмыстық кодекске сәйкес, мұндай қылмыс жасағандарға берілетін ең ұзақ жаза мерзімі он екі жылдан аспайды.

Степногор қаласында түрмеден қашқан қауіпті қылмыскер ұсталды — видео

Жаңалықтар
0