Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Бұғы мүйізі ер қайратын арттыруға қалай көмектеседі?

Жазылу
Қазақстанда бұғы мүйізі - пантамен емдеу кең танымалдыққа ие болып келеді. Сонымен бірге, бұғы өсірумен айналысатын фермалар саны да артып жатыр. Sputnik Қазақстан фотолентасынан бұғы мүйізінің пайдасы туралы біле аласыз

Пантада кездесетін пайдалы заттар санаториялық ем қабылдау барысында кең қолданылады, ол заттарды алу үшін жас жануардың мүйізін кесіп алу керек.

Sputnik Қазақстан фотокорреспонденттері Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарындағы бұғы өсіретін екі фермаға барып, әдемі жануарларды суретке түсіріп қайтты.

Сондай-ақ, панта өндіру процесімен де танысқан.

Суреттерде жас жануарлардың қаны кездесетіндіктен, сезімтал жандардың көрмегені абзал.

Алайда, мамандардың айтуынша, панта алудың бұғыларға еш зияны жоқ.

© Sputnik / Анатолий Устиненко"Қатон-Қарағай бұғы саябағы" шаруашылық қожалығы Шығыс Қазақстан тауларында Ресей, Қытай және Моңғолия шекарасына жақын жерде орналасқан.
Қатон-Қарағай бұғы саябағы - Sputnik Қазақстан
1/18
"Қатон-Қарағай бұғы саябағы" шаруашылық қожалығы Шығыс Қазақстан тауларында Ресей, Қытай және Моңғолия шекарасына жақын жерде орналасқан.
© Sputnik / Анатолий УстиненкоБұғы саябағы 1993 жылы ашылған, ол кезде аумағында маралдар саусақпен санарлықтай болатын.
Қатон-Қарағай бұғы саябағы - Sputnik Қазақстан
2/18
Бұғы саябағы 1993 жылы ашылған, ол кезде аумағында маралдар саусақпен санарлықтай болатын.
© Sputnik / Анатолий УстиненкоҚожалықта панта өндірісі жолға қойылған, ол Гонконг пен Кореяға экспортталады. Ол жақтарда бұғы мүйізі ерекше бағаланады.
Қатон-Қарағай бұғы саябағы - Sputnik Қазақстан
3/18
Қожалықта панта өндірісі жолға қойылған, ол Гонконг пен Кореяға экспортталады. Ол жақтарда бұғы мүйізі ерекше бағаланады.
© Sputnik / Анатолий УстиненкоҚазір фермада екі мыңнан астам марал мен шұбар бұғы бар екен.
Қатон-Қарағай бұғы саябағы - Sputnik Қазақстан
4/18
Қазір фермада екі мыңнан астам марал мен шұбар бұғы бар екен.
© Sputnik / Анатолий УстиненкоЖаңа туған бұғы төлінің салмағы 6 келіге жетеді.
Қатон-Қарағай бұғы саябағы - Sputnik Қазақстан
5/18
Жаңа туған бұғы төлінің салмағы 6 келіге жетеді.
© Sputnik / Анатолий УстиненкоАл ересек ірі бұғының салмағы 300 килограммға дейін жетеді. Шұбар бұғылар екі есе жеңіл тартады.
Қатон-Қарағай бұғы саябағы - Sputnik Қазақстан
6/18
Ал ересек ірі бұғының салмағы 300 килограммға дейін жетеді. Шұбар бұғылар екі есе жеңіл тартады.
© Sputnik / Анатолий УстиненкоҚатон-Қарағай саябағында санаторий бар. Пайдалы заттарға бай пантамен емделуге болады.
Қатон-Қарағай бұғы саябағы - Sputnik Қазақстан
7/18
Қатон-Қарағай саябағында санаторий бар. Пайдалы заттарға бай пантамен емделуге болады.
© Sputnik / Анатолий УстиненкоАл пантаны қалай өндіреді? Sputnik Қазақстан фототілшісі Алматы облысындағы бұғы саябағында осы бір қанды процестің куәгері болып қайтты.
Қатон-Қарағай бұғы саябағы - Sputnik Қазақстан
8/18
Ал пантаны қалай өндіреді? Sputnik Қазақстан фототілшісі Алматы облысындағы бұғы саябағында осы бір қанды процестің куәгері болып қайтты.
© Sputnik / Тимур БатыршинАлматыдан елу шақырымдай жерде "Алатау маралы" атты ферма орналасқан. Ол Катон-Қарағай саябағынан бертін салынған екен.
Панта өндірісі - Sputnik Қазақстан
9/18
Алматыдан елу шақырымдай жерде "Алатау маралы" атты ферма орналасқан. Ол Катон-Қарағай саябағынан бертін салынған екен.
© Sputnik / Тимур БатыршинБұл фермада 250 бұғы бар.
Панта өндірісі - Sputnik Қазақстан
10/18
Бұл фермада 250 бұғы бар.
© Sputnik / Тимур БатыршинПанта – жас бұғы мүйізі. Шеміршек тәрізді нәзік мүйізді оңай кесіп алуға болады.
Панта өндірісі - Sputnik Қазақстан
11/18
Панта – жас бұғы мүйізі. Шеміршек тәрізді нәзік мүйізді оңай кесіп алуға болады.
© Sputnik / Тимур БатыршинМамандардың айтуынша, мүйізін кескен кезде, бұғылар ештеңе сезбейді, өйткені онда жүйке талшықтары жоқ.
Панта өндірісі - Sputnik Қазақстан
12/18
Мамандардың айтуынша, мүйізін кескен кезде, бұғылар ештеңе сезбейді, өйткені онда жүйке талшықтары жоқ.
© Sputnik / Тимур БатыршинПантадағы емдік қасиеті бар сұйықтықты осылайша ағызып, жинақтайды.
Панта өндірісі - Sputnik Қазақстан
13/18
Пантадағы емдік қасиеті бар сұйықтықты осылайша ағызып, жинақтайды.
© Sputnik / Тимур БатыршинҚан аралас сұйықтықты абайлап стақанға құйып алады.
Панта өндірісі - Sputnik Қазақстан
14/18
Қан аралас сұйықтықты абайлап стақанға құйып алады.
© Sputnik / Тимур БатыршинТуристер бұл сұйықтықты бірнеше мың теңгеге сатып алып ішеді. Олардың айтуынша, дәмі айранға ұқсас.
Панта өндірісі - Sputnik Қазақстан
15/18
Туристер бұл сұйықтықты бірнеше мың теңгеге сатып алып ішеді. Олардың айтуынша, дәмі айранға ұқсас.
© Sputnik / Тимур БатыршинМүйізін кесіп алған соң, жануарды қоя береді. Ол орманда емін-еркін жайылып жүреді.
Панта өндірісі - Sputnik Қазақстан
16/18
Мүйізін кесіп алған соң, жануарды қоя береді. Ол орманда емін-еркін жайылып жүреді.
© Sputnik / Анатолий УстиненкоКатон-Қарағай саябағында орналасқан санаторийде пантадан емдік ванна, басқа да процедураларды қабылдап, тұнбаларын ішуге болады.
Панта өндірісі - Sputnik Қазақстан
17/18
Катон-Қарағай саябағында орналасқан санаторийде пантадан емдік ванна, басқа да процедураларды қабылдап, тұнбаларын ішуге болады.
© Sputnik / Анатолий УстиненкоШығыс медицинасы бойынша, панта ер қайратын қалпына келтіріп, арттыру мақсатында пайдаланылады.
Панта өндірісі - Sputnik Қазақстан
18/18
Шығыс медицинасы бойынша, панта ер қайратын қалпына келтіріп, арттыру мақсатында пайдаланылады.
Жаңалықтар
0