АСТАНА, 10 шілде — Sputnik. Желіде елорда жағажайында қазақстандық қыздың "біртүрлі" жатысы қызу талқылануда.
Қыз ерекше әдіспен күнге қыздырынбақ болып, екі аяғын иығына асып жатқан.
Қыздың бұл әрекеті көпшіліктің сынына ілікті. Дегенмен оған араша түскендер де табылды.
Желіде танымал болып шыға келген қыз хореограф әрі спорт консультанты болып жұмыс істейді екен.
"О құдайым. Менің былтырғы суретім осыншалық дүрбелең тудырады деп ойламаппын", — деп жазды ол.
Бұған дейін желіде Алматы көшелерінің бірінде екі ер адамның сүйісіп отырған видеосы талқыланған еді.