Әлем

"Іш киіміңді шеш". Әйелдерді тыр жалаңаш шешіндірген тергеуші ұсталды

© AP Photo / Martin MejiaҚолына кісен салынған адамның архивтегі фотосы
Қолына кісен салынған адамның архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өзбекстанда милиция өкілдері екі әйелді жалаңаш шешіндіріп, ақша іздеп, қол көтеріп, кемсіткен

АСТАНА, 9 шілде — Sputnik. Самарқан облысының Каттакурган шаһарындағы базарда ақша ұрлады деп қамалған екі әйелді жалаңаш шешіндіріп, қорлаған тергеуші Санат Умаров қамауға алынған. Бұл жайында centralasian.org Өзбекстан Бас прокуратурасына сілтеме жасап хабарлады.

Балалар жағада жүр - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкентте директордың орынбасары мен мұғалім оқушыларды мазақ еткен

Каттакурган шаһары ішкі істер бөлімшесінің тергеушісі, 30 жастағы Санат Умаров қызметін асыра пайдаланды, адамның абыройын төгіп, азаптады деп айыпталуда.

4 шілдеде Өзбекстан Бас прокуратурасы Санат Умаровқа қарсы қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген.

3 маусымда тергеуші Санат Умаров бастаған милиция өкілдері бөлімшеге базардан ақша ұрлады деген күдікпен екі келіншекті алып келген. Кейін оларды жалаңаш шешіндіріп, ақша іздеп, қол көтеріп, кемсіткен. Әйелдерден ақша таппағаннан кейін, тиісті құжаттарды да толтырмастан, босатып жіберген.

ІІМ өкілі тергеуші Санат Умаровтың теріс әрекеттері үшін қызметінен алынғанын хабарлаған. Ал қалған милиция қызметкерлерінің тағдыры әзірге белгісіз. 


Жаңалықтар
0