Өңірлер

Шығыс Қазақстанда аптап ыстықтан балық жаппай қырылып жатыр

© Photo : Pixabay / Engin AkyurtБалық
Балық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мамандар Шығыс Қазақстан өзендеріндегі балықтың жаппай қырылуының себебін түсіндірді

АСТАНА, 9 шілде — Sputnik. Шығыс Қазақстан тұрғындары өңірдің су қоймаларында мөңке балықтың жаппай қырылуына алаңдайды, деп хабарлайды Sputnik Устинка LIVE басылымына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстандағы көлде балық жаппай қырылып жатыр - Sputnik Қазақстан
Видео
Солтүстік Қазақстандағы көлде балық жаппай қырылып жатыр

Әлеуметтік желі қолданушылары жергілікті өзендерде өлі балықтың көптеп табылуын хабарлап, дабыл қағып жатыр.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы мамандарының айтуынша, бұл оқиғаға байланысты дүрлігудің қажеті жоқ: өңір тұрғындарына ешқандай қауіп төнбейді.

Назарбаев ШҚО-да бекіре етін өндіретін кәсіпорынды аралап көрді

Мұндай балықты жеуге тыйым салынған, алайда өзендерге түсуге болады, өйткені балықтардың ауруы адамдарға жұқпайды екен. 

"Мұндай климаттық жағдайда балықтар арасында кокцидиоз – ішек қуысы дерті асқынып кеткен. Қазір өлі балықтарды жою бойынша жұмыстар атқарылып жатыр", – деп мәлімет берді облыстық балық шаруашылығы бөлімінің басшысы Талғат Рахымжанов.

Бұдан бөлек, мамандардың айтуынша, бұл кезеңде балықтардың қырылуы – қалыпты құбылыс, алайда жағдайдың ушығуына аптап ыстық себеп болған.

Қазақстанда ыстықтың беті қайтады — Қазгидромет

Жаңалықтар
0