АСТАНА, 9 шілде — Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның инаугурация салтанатына қатысады.
Үкімет басшысының Анкараға ұшып кеткені туралы ақпаратты министрлер кабинетінің баспасөз қызметі растады.
"Премьер-министр Түркия президентінің инаугурациясында Қазақстан делегациясын бастап барады", — деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі Sputnik агенттігіне.
Түркиядағы президент сайлауында кім жеңгені белгілі болды
Салтанатты шара Түркия парламентінде жергілікті уақыт бойынша 16.00-де басталады, содан соң президент сарайында басқарудың парламенттік формасы президенттікке түріне алмасады.
Сол күні түрік үкіметінің жаңа құрамы да белгілі болады. Ведомстволар біріккен соң министрлер саны 21-ден 16-ға кемиді.
Түркияда президент сайлауы 24 маусымда өткен. Нәтижесінде елдің қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоған сайлаушылардың 52,59% даусына қол жеткізді.
Назарбаев Түркия президентімен телефон арқылы сөйлесті