Өңірлер

Баянауылда катамаранға отырған екі жасөспірім суға кетті

© Sputnik / Сергей Аверин / Медиабанкке өтуБалалар
Балалар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Суға кеткен балалардың денесі екі күннен бері 5-7 метр тереңдіктен іздестіріліп жатыр

ПАВЛОДАР, 9 шілде – Sputnik. Павлодар облысы Баянауыл демалыс орны Жасыбай көлінде екі 17 жасар жасөспірім суға кетті, деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің құтқару жасағы бастығының орынбасары Серік Шериязданов Sputnik агенттігіне.

Суға батып жатқан адам - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда дабыл қағылды: екі күнде 20 адам суға кетті

Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, қайғылы оқиға 7 шілдеде болыпты. 16:21-де түскен ақпарат бойынша, екі жасөспірім "Березка" мен "Жасыбай" демалыс орындары аралығындағы су қоймасында катамаранмен жүзіп жүріп, ешқандай құтқару құралдарынсыз суға сүңгиді.

Болжам бойынша, жасөспірімдер суда болғанда, катамаранды жел ұшырып кеткен көрінеді. Балалар жүзіп жете алмаған сияқты. Сол беті көзден ғайып болған.

Құтқарушы сүңгуірлер оқиғаны ести сала келіп жеткенімен, балаларды таба алмаған.

Құтқару жасағы айтқандай, көлдің аумағы үлкен болғандықтан, іздеу орнын анықтау қиын әрі куәгерлер де нақты ештеңе айта алмапты.

Қостанай тұрғыны бала-шағасының көз алдында суға батып кетті

Балалар 2000 және 2001 жылы туған. Бірі Павлодардан, екіншісі Екібастұздан келіпті.

Павлодар облысында жаз басталғалы бері сегіз адам , олардың төртеуі жас бала.

Петропавлда жоғалып кеткен бала өлі күйінде табылды

Жаңалықтар
0