АСТАНА, 9 шілде — Sputnik. Британиялық психотерапевтер Хизер Турджеон мен Джули Райт ата-аналарға бала тәрбиесінде кез келген қиындықты жеңуге көмектесетін арнайы оқу құралын шығарды, деп жазды РИА Новости шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Бұл оқулықта мамандар ерке балаларға ешқашан айтуға болмайтын сөздердің тізімін жасаған. Өйткені ол сөздер балалардың мінез-құлығын нашарлатып, ата-ана мен бала арасындағы байланысқа кедергі келтіруі мүмкін.
Ғалымдар ер адамдар қандай әйелді әдемі деп есептейтінін анықтады
Сонымен, мына сөздерді балаңызға айтушы болмаңыз:
∙ Олай істеме деп қанша рет айттым?
∙ Қанымды ішіп біттің ғой!
∙ Неге тыңдамайсың?
∙ Жылама деймін, кішкентай баласың ба?!
∙ Өйткені мен айттым, бітті!
∙ Қазір дереу сөндірмесең, бүгін тәттіден құр қаласың!
Сонымен қатар, Турджеон мен Райт ата-аналарға арналған арнайы әдістеме дайындады, оны ALP деп атап, үш кезеңге бөліп қарастырған (attune, limit set and problem solve — оқу, шекараны анықтау және проблеманы шешу).