Қоғам

Астанада жас босанған үш әйелдің өлімі: перзентхана қайта жұмысқа кірісті

CC0 / cynthia_groth / Әйел адам
Әйел адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сараптама нәтижесінде әйелдер көз жұмған босандыру бөлімінен ешқандай инфекция табылмады

АСТАНА, 9 шілде — Sputnik. Елордалық №1 перинаталдық орталық қайта жұмысқа кірісті, деп хабарлады Астананың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Жүкті әйел - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Күніне 25-30 темекі шеккен" Астанада тағы бір жаңа босанған әйел көз жұмды

Эпидемияға қарсы шаралар орындалғаннан кейін перзентхана дүйсенбі 9 шілде сағат 20.00-ден бастап әдеттегі режимде жұмыс істей бастайды.

Астанада жас босанған әйелдер көз жұмған босандыру бөлімі уақытша жабылды

"Персонал сараптама тапсырды. Бөлмелер, құрылғылар мен жиһаздар шайындысының сынамалары алынып, 7 шілдеде шыққан нәтижелер бойынша, орталықта санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуы мен аурухана ішінде инфекция таралуы анықталған жоқ", — деп хабарлайды Sputnik  "Елорда Инфо" басылымына сілтеме жасап.

Перинаталдық орталықтың босандыру бөлімі екі жас босанған әйелдің өлімінен кейін 27 маусымда жабылған еді. Олардың сәбилері аман-есен. 3 шілдеде перзентханада босанып жатқан тағы бір әйел көз жұмды. Осыдан кейін денсаулық сақтау басқармасы босандыру бөлімін уақытша жабуға шешім қабылдаған.

Астанада анасы көз жұмған нәрестелердің бірі комаға түсті

Жаңалықтар
0