Өңірлер

Алматы тауында туристер құлаған тастардың астында қалып қойды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоТуристер
Туристер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматылық құтқарушылар зардап шеккендерді тікұшақпен алып кетті

АЛМАТЫ, 9 шілде — Sputnik. Төтенше оқиға Алматы тауларының етегінде болған, "Шымбұлақ" тау шаңғысы базасынан басталған альпиниада Астананың 20 жылдығына арналған еді. Сол күні Физкультурник шыңын шара қатысушылары Қазақстанның ұлттар ассамблеясы шыңы деп атауды жоспарлаған болатын.

Қыз бен жігіт - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
ОҚО тауларында қыз бен жігіт адасып кеткен

Мемлекеттік БАҚ-тардың мәліметінше, оқиға туристер тобы демалуға тоқтаған кезде болған. Құлаған тастардың үнін естіген туристердің дені қауіптен қашып үлгереді. Алайда 65 жастағы әйел адам артта қалып қойып, аяғын сындырған.

Алматы төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 1994 жылы туған жігіт те абайсызда құлап, аяғын жарақаттапты.

алып кетуге Алматы қаласы "109" қызметінің МИ-8 тікұшағы аттанды, туристерді құтқарушы дәрігермен бірге "Медеу" мұз айдыны жанындағы тікұшақ алаңына дейін жеткізіп салды. Сол жерде оларды дәрігерлер бригадасы күтіп тұрды.

Қазір зардап шеккендердің өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ, жағдайлары бір қалыпты, ем алып жатыр.

Алматы облысында тау шатқалында ресейлік турист қаза тапты

Алматы облысында туристер мінген автокөлік аударылды

Жаңалықтар
0