Спорт

"Әйелдер арасындағы GGG" маңызды жекпе-жекте жеңіліп қалды

© Photo : Instagram/Aida Satybaldinova Аида Сатыбалдинова
Аида Сатыбалдинова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жұрт "Әйелдер арасындағы GGG" деп атап кеткен Аида Сатыбалдинова кәсіби мансабында алғаш рет және маңызды жекпе-жекте жеңіліп қалды

АЛМАТЫ, 8 шілде – Sputnik. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Аида Сатыбалдинова америкалық Селена Барриостан жеңіліп қалды. Ол қазақстандық боксшыны төртінші раундта нокаутқа жіберді. 

Америкалық Корпус-Кристи қаласында өткен жекпе-жек екі минуттық сегіз раундқа есептелді. Қазақстандық боксшының қоржынында үш жеңіс және тең түскен бір жекпе-жек. Ал қарсыласы кәсіпқой рингте үш кездесу өткізіп, үшеуінде де жеңіске жетті. Біреуін нокаутқа жіберген. 

Головкин "Канелоны" неге нокаутқа түсіргісі келмейтінін айтты

Алғашқы үш раунда боксшылар шабуылдап жүрді, ал төртінші рануд жоғарғы қарқында басталып, алма-кезек соққылармен өрбіді. Бірақ Сатыбалдинова қарсыласына қарағанда көбірек соққы жіберіп алды. Барриостың бір соққысы қазақстандық қыздың иегіне тиіп, нокаутқа түсті. 

Жекпе-жекке дейін Сатыбалдинова оны спорттық мансабындағы ең маңызды кездесу деп атаған еді. 

Жаңалықтар
0