АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Қытайда теңіз шаяны өзін тірідей жеп жатқан қытай қызынан өш алмақ болып, ерніне шап берді. Ролик Xigua Video видеосервисінде жарияланды.
Қытай қызы тірі шаянды тістеп, аяқтарын сындырғаны сол еді, оның ернінен тістеп алды. Ол жәндікті аузынан шығарып тастап, оны ернінен алып тастамақ болады.
Daily Mail журналистерінің болжауынша, қыз "мас шаян" деп аталатын Қытайдағы танымал тағамды жеген. Аспаз үстелге әкелерден алдын тірі жәндікке қимылдамай қалғанша алкоголь құяды. Кейде асшаян да осы әдіспен "пісіріледі".
Видеоны мына жерден көруге болады.
1 шілдеден бастап қазақстандықтардың өмірінде болатын 10 өзгеріс>>