АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Қостанай облысында үйде босанған әйелдің баласы шетінеп кетті.
"Алау" өңірлік порталына Sputnik сілтеме жасап хабарлағандай, 34 жастағы Таранов ауылының 34 жастағы тұрғыны жүктілік кезінде дәрігерге қаралмаған, ешқандай тексеруден өтпеген. Үй жағдайында өзі босануға шешім қабылдаған, дегенмен бала өлі туылды.
Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұған дейін Астананың жаңадан салынған перзентханасында бір айдың ішінде үш жас босанған ана көз жұмған болатын, олардың балалары аман, алайда ауыр жағдайда жатыр. Қазіргі таңда босандыру бөлімі тексеру үшін жабылды.