Қоғам

Ерекше сыйлықтар. Дариға мен Әлия Назарбаевалар әкесіне қандай сый жасады?

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Фотобанкке өтуНұрсұлтан Назарбаев пен Дариға Назарбаева
Нұрсұлтан Назарбаев пен Дариға Назарбаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Бүгін Астана күнімен қатар Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні

АСТАНА, 6 шілде – Sputnik, Нұргүл Абай. Бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 78 жасқа толды. Осыған орай Sputnik Қазақстан тілшісі Елбасына әр жылдары жасалған ерекше сыйлықтарды еске түсіруді жөн көрді. 

Дариға мен Әлия Назарбаевалардың сыйлығы 

Президенттің қыздарының әкесіне жасаған сыйы Елбасы кітапханасындағы экспонаттардың қатарын толықтырып тұр. Назарбаевтың қос қызы мемлекет басшысына сағаты бар "JAIMA" шатырын тарту еткен. Бірақ қай жылы екені көрсетілмепті. Сыйлық металл, табиғи тастардан жасалған. Шатырдағы барыстардың көздері де бағалы тастан.

© Sputnik / Медина КураковаДариға мен Әлия Назарбаевалардың әкесіне сыйға тартқан "JAIMA" шатыры
Дариға мен Әлия Назарбаевалардың әкесіне сыйға тартқан JAIMA шатыры - Sputnik Қазақстан
Дариға мен Әлия Назарбаевалардың әкесіне сыйға тартқан "JAIMA" шатыры

Бір жақ қырында мынадай өлең жолдары бар: 

"В этот цех угодит, где расплавилось время

Что уж там говорить, — непосильное бремя

Но из сданного в лом предыдущего царства

Всем напастям назло – сотворить государство!

Вот достойный венец!

С днем рождения, отец!"

                                                   Дариға, Әлия 

Дмитрий Медведев өз телефонымен түсірген "Ақорда"  

Ресейдің экс-президенті, қазіргі РФ үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведев 2015 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне Ақорда бейнеленген картинаны тарту еткен. Бұл суретті Медведев Ақорданың аумағына кірген сәтте өз телефонының камерасына түсіріп алған. Мемлекет басшысы 75 жасқа толған кезде, картина етіп шығарып сыйға тартыпты.

© Sputnik / Медина КураковаРФ Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевтің сыйлығы
РФ Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевтің сыйлығы - Sputnik Қазақстан
РФ Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевтің сыйлығы

"Ер қаруы – бес қару"

Мына суретте бас қаруын асынған қазақ батыры. Мұндағы қару-жарақтың бәрі жан-жақтан топтастырылған. Мәселен, қорамсақтағы жебелер мен садақты 2015 жылы Ресей президенті Владимир Путин тарту еткен. Алайда нақты қай мерекеге арнап сыйға тартқаны көрсетілмепті. Ал қынаптағы қылышты 1996 жылы Елбасының туған күніне Алматы қаласының тұрғындары сыйлаған.

© Sputnik / Медина КураковаБатырдың қару-жарақтары
Батырдың қару-жарақтары - Sputnik Қазақстан
Батырдың қару-жарақтары

Семейліктер жасаған сый да Елбасы кітапханасында сақтаулы.

© Sputnik / Медина КураковаСемей тұрғындарынан
Семей тұрғындарынан - Sputnik Қазақстан
Семей тұрғындарынан

Түрлі делегациялар әр жылдары тарту еткен қару-жарақтың түр-түрі бар. Мәселен, Араб елінің дәстүрлі қанжарлары, жапон самурайларының қаруы, дуэльге арналған тапаншалар, Владимир Путин сыйға берген "кортик", Сербия президенті сыйлаған қылыш және тағы басқа.

© Sputnik / Медина КураковаҚару-жарақтар топтамасынан
Қару-жарақтар топтамасынан - Sputnik Қазақстан
Қару-жарақтар топтамасынан

"Мемлекетті басқаратын әр адам шахмат ойнауы керек". Бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі. Осыдан ба, Елбасының шахмат ойнағанды жақсы көретінін білетін шет мемлекет басшылары оған ерекше стильде жасалған шахмат сыйлауға тырысады екен. Мәселен, Арменияның бұрынғы президенті Серж Саргсян 2010 жылы Назарбаевтың туған күніне дәстүрлі "стаунтондық" шахмат сыйлаған. Қол жұмысы. Ойын фигуралары алтын, табиғи тастардан (жадеит, кохолонг) жасалған.

Бұған қоса, "Ұлы моғолдар әскері" шахматы, Қытай шахматы, Беларусь президенті Лукашенко сыйлаған "Мәскеу түбіндегі "Бородино шайқасы" тақырыбында жасалған шахмат, қазақтың батырлары мен хандары, киіз үй пішінінде жасалған шахмат та бар.

© Sputnik / Медина КураковаҚазақ хандары мен батырлары пішінінде жасалған шахмат
Қазақ хандары мен батырлары пішінінде жасалған шахмат - Sputnik Қазақстан
1/3
Қазақ хандары мен батырлары пішінінде жасалған шахмат
© Sputnik / Медина Куракова"Ұлы моғолдар әскері" шахматы
Ұлы моғолдар әскері шахматы - Sputnik Қазақстан
2/3
"Ұлы моғолдар әскері" шахматы
© Sputnik / Медина КураковаДәстүрлі "стаунтондық" шахмат
Дәстүрлі стаунтондық шахмат - Sputnik Қазақстан
3/3
Дәстүрлі "стаунтондық" шахмат
1/3
Қазақ хандары мен батырлары пішінінде жасалған шахмат
2/3
"Ұлы моғолдар әскері" шахматы
3/3
Дәстүрлі "стаунтондық" шахмат

"Акула адам" мен шымкенттік аспаздың Назарбаевқа арнаған рекорды

2007 жылы дағыстандық Ахмет Сурхатилов 67 жасқа толған Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа рекордын арнады. Астана алаңында орнатылған су толы контейнердің ішінде 10 минут 3 секунд болған. Испанияда Сурхатиловты "акула адам" деп атайды екен. Бұған дейінгі Барселонада орнатқан рекорды 7 минутты құраған.

Астана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев Астана күніне жасалған сыйлықтар туралы айтты

Дәл осы жылы шымкенттік аспаз Жарайр Карапетян да кәуап пісіруден әлемдік рекорд орнатпақшы болып, оны президенттің туған күніне арнады. Аспаз тауық етінен  ұзындығы 67 метр кәуап пісірген, ондағы мақсаты Гиннес рекордтар кітабына кіру болған. Кәуап әзірлеуге шамамен 100 келі тауық еті сатылып алыныпты.  

Шымкенттік аспаз Нұрсұлтан Назарбаевқа телеграммамен әлемдегі ең үлкен кәуапты президенттің туған күні құрметіне әзірлейтіні туралы хабар беріпті. 

Қытайдан оралған екі оралманның сырмағы 

2013 жылы Алматы облысының Текелі қаласында жергілікті тұрғындар ұлттық ою-өрнекпен безендірілген төсеніш жасап шықты. Шеберлер бұл еңбегін Астана күні мен президенттің туған күніне арнаған. 

Қытайдан атажұртына оралған оралмандарға 73 метрлік сырмақты жасау үшін бір отар қойдың жүні кеткен.

© Sputnik / Медина Куракова"Астана" велокомандасының сыйлығы
Астана велокомандасының сыйлығы - Sputnik Қазақстан
"Астана" велокомандасының сыйлығы

Нұрсұлтан есімді 80 бала президентке ән сыйлады

2016 жылы Шымкентте драма театрдың сахнасында Нұрсұлтан есімді 80 бала Елбасыны туған күні құрметіне ән шырқады. Ән "Нұрсұлтан ата" деп аталды.

Ән орындалып жатқанда, балалардың артындағы үлкен экранда Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен жұмысынан үзінділер көрсетілді.

© Sputnik / Медина Куракова"Отанымыздың оң қолы". Мүсіндік композиция
Отанымыздың оң қолы. Мүсіндік композиция - Sputnik Қазақстан
"Отанымыздың оң қолы". Мүсіндік композиция

 

 

 

Жаңалықтар
0