АҚТАУ, 6 шілде — Sputnik. Ақтауда, болжам бойынша, тұрмыстық жанжал салдарынан жүкті әйелді сабап кетті, ол Маңғыстау облыстық ауруханасының нейрохирургиялық бөліміне жатқызылған.
Жәбірленуші жүктіліктің төртінші айында болған. Оны үш әйел ұрып-соққан көрінеді.
Полицейлер тергеуді бастап кетті, бірақ нақты мәлімет берген жоқ, деп хабарлайды Sputnik "Лада" басылымына сілтеме жасап.
"30 маусымда әпкемнің күйеуі мен олардың көршісі төбелесіп қалды. Көршісі ішіп алған екен, әпкемнің күйеуі оны тыныштандырмақ болған. Кейін ер адам пышақпен келіпті, бірақ ол ештеңе істей алмаған. Келесі күні әпкемнің күйеуі екі үлкен баласымен кетіп қалғанда, Ұлжанға көршісінің әпкесі екі туысын ертіп келді. Олар оны соққыға жығып, үлкен балаларына көресіні көрсетеміз деп қоқан-лоққы жасаған. Ішінен тепкілеп, басынан ұрған", — дейді Ұлжанның сіңлісі.
Ол қызынан да кіші қызды жүкті қылғанын естігенде еңіреп жылады – педагог
Дәрігерлердің айтуынша, жәбірленуші мен іштегі нәрестесінің өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Маңғыстау облысы ІІД оқиғаға қатысты ешқандай мәлімет бермеді, бірақ тергеушілер бұл істі қолға алып, жақын арада сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастамақшы, сол кезде мән-жай анықталатын болады.
"Күніне 25-30 темекі шеккен" Астанада тағы бір жаңа босанған әйел көз жұмды