АСТАНА, 5 шілде — Sputnik. Қырғызстанда Ыстықкөлде әкесі жасөспірім қызын зорламақ болған азғыннан құтқарды. Ыстықкөл облысы Джеты-Огуз ауданында 2 шілдеде болған оқиға туралы Sputnik Қырғызстан хабарлайды.
Ер адам 13 жасар қызды көлігіне отырғызып, балмұздақ әперіп, екінші рет зорламақ болған, деп хабарлайды жергілікті милиция.
Әкесі қызын 42 жастағы ер адамның көлігінен тауып алып, милицияға арыз берген.
Қыздың айтуынша, ер адам бір күн бұрын оны үйде зорлаған екен. Бастапқы деректер бойынша, күдікті жәбірленушінің отбасы жалға алып отырған үй иесінің ұлы.
Күдікті ұсталды. Қылмыстық іс қозғалып тиісті сараптама тағайындалған.
Күзетші көлігіне жылынып алуға отырған 12 жасар қызды зорлап тастады