Видео

Рөлде ұйықтап кеткен: көліктің адамдарды басып кеткені видеоға түсіп қалды

Жазылу
Сочиде, Дагомыс елді мекенінде рөлде ұйықтап кеткен жеңіл көлік жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып, артынша жаяужолдағы алты адамды қағып кетті. Салдарынан бір адам көз жұмып, үшеуі ауруханаға жатқызылды

Жол апаты күндізгі сағат екінің шамасында, көшеда адам көп кезде болған. Шетел көлігінің рөлінде 23 жастағы жүргізуші болған. Ресей ІІМ  Краснодар өлкесі бойынша бас басқармасы жас жігіттің рөлде ұйықтап кетуі жол-көлік оқиғасына себеп болғанын растады.   

Апат салдарынан қарт ер адам сол жерде жан тапсырды. Сочи денсаулық сақтау басқармасы медициналық мекемеге жеткізілген үш зардап шегушінің өміріне ешқандай қауіп төніп тұрмағанын хабарлады.  

Сондай-ақ полиция жол апаты болған сәтте кінәлі жүргізушінің автокөлігінде қыз бен кішкентай бала болғанын мәлімдеді. Жүргізуші де, оның жолаушылары да зардап шеккен жоқ.  

 

 

Жаңалықтар
0