АСТАНА, 4 шілде — Sputnik. Ресейдің әскери бөлімшесінен қашып кеткен сарбаз 20 жыл Қазақстанда жасырынып жүрген. Қостанай облысы полицейлері Денисов ауданының тұрғынын жалған құжат жасады деген күдікпен ұстады.
Тексеру көрсеткендей, ер адам біреудің төлқұжатын пайдаланып, соның көмегімен Қазақстан азаматтығын алған, республикада жиырма жылдай тұрыпты.
Ал Ресейдің тәртіп сақшылары 1997 жылы өз бетімен әскери бөлімшеден кетіп қалған сарбазды осы уақытқа дейін іздеп келген.
Тергеу барысында анықталған мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан азаматтығын алуға мүмкіндік берген құжатты ер адам сол кездегі қызметтес сарбаздан ұрлап, жасатып алған екен.
Ұсталған ер адам Ресейге экстрадицияланды, тергеу жалғасып жатыр.
Жеті жыл қолға түспеген: Қазақстанға экстрадицияланған кім?>>