Қоғам

Астанадан "ғарышқа" қалай сапар шегуге болады?

© Sputnik / Болат ШайхиновСуретке түсу
Суретке түсу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанадағы Арбатта хромакей пайда болды. Бұл технологияның көмегімен фонтанды "жойып", видеоредактор арқылы суретті немесе видеоны түрлендіруге болады

АСТАНА, 4 шілде — Sputnik. Астана тұрғындары жаңа технологияның көмегімен қайталанбас суретке немесе видеоға түсе алады.

"Шытырман оқиғалардың соңынан бүкіл әлемді шарлап, экзотикалық елдерге барып, сүйікті кино кейіпкерлеріңізді жолықтыруды армандайсыз ба, әлде достарыңызды алдап соққыңыз келе ме, бірақ биылғы жазда жоспарыңызға енбей қалды ма? Олай болса, Астанадағы сүйікті Арбатымызға орнатылған алғашқы хромакеймен видео түсіріңіз", — деп жазды Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек.

Аудан басшысының жазуынша, енді елорда тұрғындары әлемнің кез-келген түпкіріне виртуалды сапар шеге алады. Арнайы мобильді қосымшаны орнатып, суреттің жасыл немесе көк фонын кез келген сурет, видео немесе арнайы эффектілермен алмастыра алады.

Хромакей – видеоредактор арқылы шынайы фонынды "жойып", басқа сурет немесе видеоны "қосуға" мүмкіндік беретін технология. Күнделікті өмірде түсірілім жүргізілетін экранның өзін хромакей деп атайды.

Жаңалықтар
0