Қоғам

Оңтүстіктен солтүстікке көшетіндер үймен қамтамасыз етіледі

© SputnikБаспана
Баспана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бастапқыда үйлер азаматтарға жалға беріледі, бес жылдан кейін оны сатып алуға мүмкіндік бар

АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударатындар үшін қандай жеңілдіктер жасалатынын айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Вице-министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Солтүстік Қазақстан облысында пилотты жоба іске қосылған. Оған сәйкес, оңтүстіктен көшіп келетіндер үшін жаңа үйлер салынады. Бес жылдан кейін азамат ол үйді сатып ала алады.

Вокзалдағы жолаушылар, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Оңтүстіктен солтүстікке 125 отбасы аттанды

"Өткен жылы 1200-ден астам отбасы оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударды. Былтырғы жылға талдау жасаған кезде, көшіп баратындар үшін ең басты проблема үй мәселесі екенін анықтадық. Сіздер білесіздер, біздің бағдарламаға сәйкес, пәтер жалдауға бір жыл мерзімге дейін ақша төленіп тұрады. Десек те, бұл үй проблемасын шешіп тұрған жоқ. Сондықтан біз осы жылы Елбасының тапсырмасымен Солтүстік Қазақстан облысында пилоттық жоба бастадық. Оған сәйкес, алдағы үш жылдың ішінде әр жыл сайын оңтүстіктен солтүстік өңірлерге мың отбасы көшіп барады деп жоспарлап отырмыз. Енді сол азаматтар үшін жаңа үйлер салынады. Оған бюджеттен қажетті қаражат қарастырылып жатыр", — деді Әлтаев.

Оның айтуынша, азаматтар ай сайын баспананың жалға алу құнын төлеп отырады. Бірақ жалға беру бағасы қалтаға салмақ түсірмейді, өте төмен, деп сендірді вице-министр. 

"Арендалық төлемді төлеп отырып, бес жылдан кейін сатып ала алады. Егер пилоттық жоба Солтүстік Қазақстан облысында сәтті жүзеге асса, әрі қарай барлық солтүстік облыста – Павлодар, Қостанай, ШҚО өңірлерінде іске асырылады", — деді ол.

Білім министрі әкімдікпен бірлесіп мұғалімдердің баспана мәселесін шешпек>>

Баспана алу үшін зейнетақы қаржысын пайдалануға бола ма? Ақышев жауап берді>>

Жаңалықтар
0