АСТАНА, 3 шілде — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы заңға қол қойды. Оған сәйкес табысы 60 мыңнан төмен қазақстандықтар үшін салық жүктемесі азайтылады, деп хабарлайды Ақорда.
Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев ең төменгі есептік көрсеткіштің 25 еселенген көлемінен аз жалақы алатындарға салынатын жеке табыс салығын азайту арқылы олардың салық жүктемесін жеңілдетуді ұсынған болатын. Елбасының ұсынысынан кейін парламент заңға енгізілген түзетулерді қабылдады. Енді жалқысы төмен қызметкерлер үшін жеке табыс салығы он есеге төмендейді.
Ал салықты азайтудан шығатын қаржы олардың жалақысын көбейтуге жұмсалады. Осының нәтижесінде Қазақстанда екі миллионнан астам тұрғынның жалақысы өседі.
Аталған норма 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді деп жоспарланып отыр.
Енді төрт балалы отбасыларға ай сайынғы жәрдемақы берілмейді>>