Спорт

Қазақ боксшы Азия ойындарында Қытайдың намысын қорғайды

© Sputnik / Медиабанкке өтуБокс жекпе-жегінің архивтегі фотосы
Бокс жекпе-жегінің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шыңжаң өңірінде туып-өскен қандасымыз "Қытай бокс патшасы" чемпионатында топ жарған болатын

АСТАНА, 3 шілде — Sputnik. 26 маусым күні Гуйян қаласында өткен "2020 жылғы Олимпиадаға дайындық мәжілісінде" Қытай бокс федерациясы 2018 жылғы Азия ойындарына қатысатын боксшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды prosports.kz сайты sina.com-ға сілтеме жасап. 

Бокс рингі - Sputnik Қазақстан
Спорт
Әлемді таңғалдырған қазақ боксшысы рейтингте 434 орынға бір-ақ көтерілді

Қытай бокс федерациясының басшысы Zhang Chuanliang Джакарта қаласында ел намысын қорғайтын боксшыларды таңдау әділ түрде өткенін мәлімдеді. 

Қиырдағы Қытай құрамасын тізімде бір қаракөзіміздің аты аталғандықтан сөз етіп отырмыз. Атап айтар болсақ, бокстан Қытай ұлттық құрамасының 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Тоқтарбек Таңатқан есімді қазақ өнер көрсетеді. 

Тоқтарбек есімі бокс жанкүйерлеріне биыл жыл басында танылды. Шыңжаң өңірінде туып-өскен қандасымыз 6 қаңтарда Ханчжоу қаласында өткен "Қытай бокс патшасы" чемпионатында 75 келі салмақ дәрежесінде топ жарды. 

1996 жылы дүниеге келген Тоқтарбек өз салмағында қытайдың ең мықты боксшысы саналады. 2013 жылдан бастап ел іші-сыртындағы ірі турнирлерге қатысып жүр. Осы аралықта ол 79 жекпе-жек өткізіп, оның 64-інде жеңіске жеткен. Тек 15 кездесуде қарсыластарына жол берген.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылғы жазғы Азия ойындары 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Индонезияның Джакарта қаласында өтеді.  


Жаңалықтар
0