Оқиға

Телефонмен сөйлесіп келе жатқан: жолаушылар автобусы жүк пойызымен соқтығысты

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуТемір жол
Темір жол - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Апат салдарынан үш адам зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды

АСТАНА, 3 шілде — Sputnik. Автобус жүргізушісі телефонмен сөйлесіп келе жатып, Павлодар бөлімінің күзетілмеген өткелінде жүк пойызына соғылып қалды, деп хабарлайды "ҚТЖ-Жүк тасымалдары" АҚ баспасөз қызметі.

Жол апаты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Жантүршігерлік жол апаты: 5 адам қаза тауып, жетеуі зардап шекті

Салдарынан үш адам зардап шеккен оқиға екінші шілдеде кешкі сағат сегізде Павлодар-Екібастұз учаскесінің Үшқұлын-Тоқубай аралығындағы күзетілмеген теміржол өткелінде болған.

"Жүк көлігінің машинисі 22 км/сағ жылдамдықпен келе жатып, алдынан ПАЗ автобусы атып шыққанда, шұғыл тоқтаған. Бірақ соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады. 11 жолаушы әкеле жатқан автобус жыраға түсіп кеткен. Үш адам әртүрлі жарақатпен ауруханаға түсті", — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Жол апатын қызметтік тергеу актісі бойынша, оқиға автобус жүргізушісінің теміржол өткелінен өту ережесін бұзуы салдарынан болған.

Автобус жүргізушісі телефонмен сөйлесіп келе жатып, бағдаршамның қызыл жарығын көрмей қалғанын мойындапты.

ҚТЖ атап өткендей, өткелде дабыл жүйесі орнатылған. Қалтқысыз істеп тұр.

Шудағы пойыз апатынан бір адам қаза тауып, үшеуі зардап шекті — ТЖД>>

Қасымбек Шудағы пойыз апатына не себеп болғанын айтты>>

Жаңалықтар
0