Қоғам

ҰБТ-дағы 140 балл: Назарбаев университеті түлекті неге қабылдамайтынын түсіндірді

© Sputnik / Болат ШайхиновНазарбаев университет
Назарбаев университет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің ең үздік университеті атап өткендей, ҰБТ-ның нәтижесі оқуға түсу кезінде ескерілмейді

АСТАНА, 3 шілде — Sputnik. Назарбаев университеті ҰБТ-дан ең жоғары балл алған алматылық түлекті неге оқуға қабылдамағанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik.

Шиара Кудайбергенова - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ҰБТ-дағы алғашқы 140 балл: ең жоғары нәтиже көрсеткен түлекке сыйлық беріледі

Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде №123 мектеп-гимназиясының түлегі Шиара Құдайбергенова Қазақстанда ең жоғары 140 балл жинаған жалғыз талапкер атанды.

Sputnik агенттігіне берген сұхбатында бойжеткен Назарбаев университетіне түскісі келетінін, бірақ бұл ЖОО-ға түсу ережелеріне байланысты оның мүмкін еместігін айтқан болатын.

Алматылық қызға мүмкіндік беріле ме деген редакция сұрағына университеттің баспасөз қызметі жауап бергендей, Назарбаев Университетінің академиялық бағдарламаларына студенттерді қабылдау конкурстық жүйе бойынша өтеді және ҰБТ нәтижесі іріктеу барысында ескерілмейді.

"Қазір келесі жылға студенттерді қабылдау процесі басталып кетті. Университет ережелері бойынша Шиара Құдайбергенова 2019-2020 оқу жылдарына түсу үшін конкурсқа қатыса алады", – деп хабарлады ЖОО өкілі Sputnik тілшісіне.

Байбек ҰБТ-дан жоғары балл алған алматылық түлекпен кездесті - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Байбек ҰБТ-дан жоғары балл алған алматылық түлекпен кездесті

Назарбаев университетіне дайындық бағдарламасына немесе бакалавриатқа түскісі келетін түлектер университет порталында онлайн тіркелуі тиіс. Тіркелу кезінде талапкерлер ағылшын тілінде APTIS және IELTS емтихандарын, сонымен бірге бейінді пәндер бойынша NUFYP Entrance Test сынағын тапсырады.

Сонымен қатар, бакалавр мамандығына тіркелген түлектер халықаралық SAT/ACT және IELTS/TOEFL тестілерінің түпнұсқа сертификаттарын тапсыруы тиіс.

Қабылдау комиссиясы жүргізілген іріктеу бойынша барлық кезеңдерден өткен әр талапкерге тиісті рейтинг беріп, сол бойынша грантқа лайықты кандидаттар таңдалады.

Биылғы ҰБТ несімен есте қалды?>>

Рамазан Әлімқұлов уәдесінде тұрып, алматылық түлекке iPhone сатып алды>>

Жаңалықтар
0