Әлем

Метрода "шорты" киген қызға шабуыл жасалды – видео

© Photo : freestocks-photosЖігіт пен қыз, архивтегі сурет
Жігіт пен қыз, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Вагон жолаушыларының бірі камераға түсіріп алған оқиға интернет арқылы жылдам таралып кетті

АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Бакуде метрода болған жанжал қызу талқыланып жатқанына он күннен асты. Оқиғаның видеосы желіде жарияланды. Онда қысқа шалбар киген қыз метрополитен жолаушыларымен дауласып жатқаны көрінеді. Бұл туралы Sputnik Армения жазды. 

Қартаң әйелге жас қыздың ашық-шашық киінгені ұнамай қалса керек, оған қарай тұра ұмтылған. Оларды жолаушылар ажыратып алады. Дегенмен жанжал алдымен жігіт пен қысқа шалбар киген қыздың арасында басталған. Дауға әйел араласып, қызға ақыл айта бастайды. 

Вагон жолаушыларының бірі камераға түсіріп алған оқиға интернет арқылы жылдам таралып кетті.  

Жаңалықтар
0