Спорт

Сүйіктісі телефонды көтермеген: Семей тұрғыны жантүршігерлік қылмыс жасады

© AP Photo / Martin MejiaҚолына кісен салынған ер адамның архивтегі фотосы
Қолына кісен салынған ер адамның архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Семей тұрғыны бес жыл бойы бірге тұрған сүйіктісіне қызғаныштан пышақ сұғып алды

АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Семей қаласының 31 жастағы тұрғыны бірнеше жыл бойы азаматтық некеде тұрған ғашығын пышақтап өлтірді, деп жазды altaynews.kz.

Пышақ - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Полиция әйелін пышақтап, өзіне қол салған ер адамға қатысты мәлімет берді

Олар бір шаңырақ астында бес жылдай уақыт өмір сүрген. Бірақ көп ұзамай әйел адам басқа жігітпен көңіл жарастырып, екеуінің арақатынасы тоқтаған. Арада біраз уақыт өткеннен соң, екеуі қайтадан араласа бастаған.

Қанды қылмыс болған күні ер адам әйелге қанша хабарласса да, телефон тұтқасын ешкім көтермеген. Сүйіктісін қатты қызғанған азамат бір бөтелке арақты туған анасымен бөлісіп ішеді. Кейін ас үйдегі пышақты алып, әйелдің үйіне жетіп барған. Осылайша ашуға булыққан жігіт оны сыртқа шақырып алып, пышақты кеуде тұсынан үш рет сұғып алған. Қанға малынған келіншек сол жерде жан тапсырды.

Танымал қазақ актерінің бірінші әйелі кісі қолынан қаза тапты>>

Айта кетейік,  марқұм осыдан бір күн бұрын ғана көз жұмған әкесінің жерлеу рәсіміне дайындалып жатқан екен.

ШҚО-ның қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қылмыскерді 12 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Бұған қоса ол марқұмның туыстарына 3 миллион теңге моральдық шығын төлеуі тиіс.

Қостанайда күйеуі әйелін пышақтап тастап, жоғары қабаттан секіріп кетті>>

Жаңалықтар
0