Өңірлер

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

бұлт
бұлт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
3-5 шілдеге арналған ауа райы болжамы

АСТАНА, 2 шілде — Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды.

Қазақстанның батыс облыстарындағы аптап ыстыққа себеп болған антициклон алдағы үш тәулікте Ресейдің еуропалық бөлігінен ығысатын циклонның әсерінен шығысқа жылжиды. 

Аптап - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
40 градус: Маңғыстауда аптап ыстық қашан басылады?

4-5 шілде аралығында өңірдің кей жерінде найзағай, өткінші жаңбыр, екпінді жел болып, ыстықтың беті қайтады.

Антициклонның шығысқа жылжуына байланысты республиканың солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарында ыстық және құрғақ ауа-райы орнайды. Бұл өңірлерде күндізгі температура плюс 30…35°С-ге дейін, оңтүстікте және орталықта 37…41°С-ге дейін жоғарылайды. Бұл әдеттегіден 4…7°С жоғары. 

Атмосфералық фронттардың ықпалынан шығыста және оңтүстік-шығыста әлі де найзағай ойнап, жаңбыр сақталады, таулы аудандарында күшті жаңбыр болуы мүмкін.


Жаңалықтар
0