Өңірлер

Шымкентте ер адам кішкентай балаға шабуыл жасады

CC0 / pixabay.com / Потерявшийся ребенок
Потерявшийся ребенок - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдікті ұсталды, қазір уақыша ұстау изоляторында жатыр

АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Шымкентте полицейлер кәмелетке толмаған балаға шабуыл жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұған дейін әлеуметтік желілерде ер адамның тұрғын үй кіреберісінде ұл балаға шабуыл жасаған сәті түскен видео тараған еді. Анықталғандай, оқиға 1 шілде күні болған.

Қыз терезенің алдында отыр, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Күзетші көлігіне жылынып алуға отырған 12 жасар қызды зорлап тастады

Видеодан ер адамның баланы кіреберіске кіргізіп, артынша онымен бірге баспалдақтың артына жасырынғаны көрінеді. Кейін бір әйел тұрғын үй кіреберісіне кіргеннен кейін, ер адам сыртқа қаша жөнелген. Әйел оның артынан қуады. Бұл кадр сыртқы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. 

"Аталған факті сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді. Полицейлер барлық қажетті іздеу шараларын жүргізді. Нәтижесінде дәл сол күні күдіктіні ізін суытпай ұстады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында жатыр", — деп мәлімдеді ІІД баспасөз қызметі. 

Қазіргі таңда сараптама белгіленіп, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Балиева сарыағаштық бала мен тараздық жасөспірімнің істеріне қатысты пікір білдірді>>

Шымкентте директордың орынбасары мен мұғалім оқушыларды мазақ еткен>>

Жаңалықтар
0