АСТАНА, 1 шілде — Sputnik. Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) танымал аргентиналық футболшы Диего Марадонамен серіктестікті тоқтатты. Бұған футболшының Ресейдегі әлем чемпионатының матчы кезіндегі әрекеттері себеп болды.
Марадона FIFA ұйымының елшісі болған, деп хабарлады Diario Correo.
Бұған дейін Аргентина құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалында Нигерияны 2:1 ұпаймен ұтқан еді. Марадона матчты Санкт-Петербург қаласындағы Крестовский аралында тамашалап жатқан. Тікелей трансляция кезінде көрермендер футболшының әрекеттерін өз көзімен көріп отырды.
Мысалы, аргентиналықтардың екінші голынан кейін Марадона оғаш ым-ишаралар жасады.
Осы уақытқа дейін БАҚ беттерінде FIFA ұйымының Марадонаға Ресейдегі әлем чемпионаты кезінде өзінің міндеттерін орындағаны үшін күніне 10 мың фунт төлеп отыратыны туралы жазылған еді. Бұл қаржыдан бөлек 1986 жылғы әлем чемпионына жол ақысы, баспана және басқа да шығындар төленеді.
Енді футбол ұйымы серіктестікті тоқтатқандықтан Марадонаға ақша төленбейді.
Естеріңізге сала кетсек, төрт жыл күткен футболдан басты турнир 14 маусымнан бастап 15 шілдеге дейін Ресейдің 11 қаласында өтеді. Олар: Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Калининград, Сочи, Екатеринбург, Самара, Саранск, Ростов-на-Дону, Волгоград және Нижний Новгород.