Оқиға

Полиция Ақтаудағы атысқа қатысты түсініктеме берді

© Sputnik / Табылды КадырбековТапанша
Тапанша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Атыс болған жерден 29 бос оқу-жаттығу патроны табылған

АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Маңғыстау облысы ішкі істер департаменті Ақтаудағы көшелердің бірінде болған атысқа қатысты түсініктеме берді.

пистолет, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Сарыағашта тағы да атыс: полиция көрші ауылдың тұрғынын өлтірген адамды іздеп жатыр

№12А үй жағынан мылтық даусын естіген куәгерлер бірден полицияға хабар берген. 

"27 маусым күні сағат 02:50-де жедел басқару орталығына 26 шағын ауданда №12А және №15 тұрғын үйлері арасында мылтық даусы естілгені туралы хабар түсті. Ақтау ІІБ жедел тергеу тобы оқиға орнынан  29 бос гильза тәркіледі. Зардап шеккендер анықталған жоқ", — деп мәлімдеді ІІД баспасөз қызметі. 

Аталған факті ҚР ҚК 293-бабы 3-тармағы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестрінде тіркелген. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды lada.kz.

Ақтау тұрғынының көшеде ойнап жүрген балаға оқ атқан сәті видеоға түсіп қалды>>

Жаңалықтар
0