Қоғам

Баян Алагөзова мен МС Сайлаубек үйлерін көрсетті

© Sputnik / Данияр ДауталиевБаян Алагөзова
Баян Алагөзова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Ревю" бағдарламасының тілшілері отандық жұлдыздардың үйінде қонақта болды

АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Қазақстандық жұлдыздар – Баян Алагөзова, МС Сайлаубек, Айгуль Мүкей мен Сакен Жаксыбаев НТК телеарнасының журналистеріне тұрып жатқан үйлерін көрсетті.

Белгілі продюсер Баян Алагөзованың пәтері Алматыда екен. Баспанасының аумағы 500 шаршы метрді құрайды. Шоу-бизнес жұлдызы журналистерге жуынатын бөлмесін, жатын бөлмесін, күнде оқып жүрген кітабын көрсетті. Сондай-ақ, оның үйінде өзі бейнеленген картиналар жиналған музей бөлме де бар екен.

Баян Алагөзова Алматы судьясын бар шындықты айтамын деп қорқытты>>

Ал белгілі тележүргізуші Айгүл Мүкей Астанадағы қымбат тұрғын үйлердің бірінде тұрады. Үй кең әрі жайлы. Тележүргізуші әр затқа аса мән бергені көрініп тұр, тіпті тұсқағаздардың түсін де мұқият ойластырған. Қабырғада ұлымен бірге түскен суреті ілулі тұр. 

Ал МС Сайлаубек отбасымен бірге Алматы маңында тұрады екен. Жер үйдің орналасқан аумағы үлкен. Бөлмелердегі жиһаздар қарапайым. Тек жуынатын бөлме ғана таңғалдырады, ванна емес, құдды бір жылыжай дерсің.

Қазақ тілі оқулығына МС Сайлаубектің есімі енгізілді – видео>>

"Міне, бұл менің жуынатын бөлмем. Биология-миология, бәрі бар.. маған ұнайды. Өсімдіктің түрлі сұрыптары бар", — деді әртіс. 

Сондай-ақ журналистер Алматыда тұратын дизайнер Сәкен Жақсыбаевтың үйінде де қонақта болды.

Жаңалықтар
0