Өңірлер

Қазақстанда он үшінші ұлттық саябақ пайда болды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоТабиғат
Табиғат - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Тарбағатай" саябағы Шығыс Қазақстанда орналасқан

АСТАНА, 30 маусым — Sputnik. Қазақстанда жаңа ұлттық табиғи саябақ пайда болды. Үкіметтің қаулысы туралы жаңалықпен орман шаруашылығы комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет бөлісті, деп хабарлайды Sputnik.

"Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы құрылды", — деп жазды ол әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.

Ұлттық саябақ аумағы — 143,5 мың гектар.

Дельфиндер шоуы - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Астанада Орталық Азиядағы ең үлкен теңіз жануарларының саябағы ашылды

Қазақстандағы ең ірі ұлттық саябақ Қатон-Қарағай болып саналады, ол да Шығыс Қазақстанда орналасқан. Аумағы — 643 мың гектар.

Ал ең кішісі – Баянауыл ұлттық табиғи саябағының аумағын 68 мың гектар екен. Ол еліміздегі ең алғашқы саябақ – 1985 жылы ашылған.

Жаңа ұлттық саябақ ауданы бойынша сегізінші орында тұр.

Жаңалықтар
0