АСТАНА, 29 маусым — Sputnik. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Қоғамдық даму министрлігі болып өзгертілді. Президенттің мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы жарлығы Ақорданың сайтында жарияланды.
"Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі аталсын. Министрлікке Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қоғамдық келісім саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілсін", — делінген жарлық мәтінінде.
Үкімет жоғарыда көрсетілген мемлекеттік органдардың штат санын қайта бөлуді, жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етеді.
Жарлықтың орындалуын бақылау президент әкімшілігіне жүктелді.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәдениет министрі: Назарбаевтың президент болып қала бергенін тілейміз>>