АСТАНА, 29 маусым — Sputnik. Моңғолияда тұратын қазақ қызының суреті National Geographiс байқауының қазылар алқасы тәнті етті.
Қолында ыстық шай құйылған тостағанды ұстап тұрған қызды жиһанкез Алессандра Мениконзи суретке түсіріп алған. Оның туындысы Travel Photographer of the Year байқауында "Адамдар" номинациясында үздік деп танылды.
CANON AMBASSADOR MARCH 2018 [5/6]
— Alessandra Meniconzi (@SwissAlexandra) 20 марта 2018 г.
“A good photograph is one that communicates a fact, touches the heart and leaves the viewer a changed person for having seen it. It is, in a word, effective.” —Irving Penn@CanonSuisse @CanonSchweiz #CanonSuisse #CanonSchweiz #CanonAmbassador pic.twitter.com/aGhZufMy0N
Суреттің авторы моңғолдардың ежелден келе жатқан бүркітпен аңшылық жасау дәстүріне көп жылдан бері тәнті екенін айтады. Биыл Мениконзи Алтай тауларының маңында аңшылардың отбасымен бірге жазғы қонысқа көшіп барған.
"Моңғолияда халық аз, бірақ олар өте қонақжай, мейірімді. Қазақ мәдениеті үшін шай қонақжайлылықтың бір белгісі болып табылады. Шай — жай ғана сусын емес, ол салт-дәстүр, мәдениет, демалыс пен рақаттанудың үйлесімі", — деп жазады тревел-фотограф.
Меникознидің айтуынша, суреттегі қыздың есімі Дәмел. Ол бойжеткенді Батыс Моңғолиядағы аязды күннің бірінде ыстық шай ішіп, жылынып тұрған кезде суретке түсіріп алған.
Тревел-суретшілердің арасында бас жүлдені Рейко Такахаши мен оның кит бейнеленген "Су перісі" туындысы жеңіп алды.
Моңғолиядан келген қазақ полицейлерге көмектесемін деп сотталып кетті>>
"Ұят қой!" Көшедегі адам өзге ұлтқа тұрмысқа шыққан қазақ қызына ұрысты>>
Қазақ қызының атышулы жекпе-жегі>>