Өңірлер

Риддердегі атышулы жол апаты: әкімнің орынбасарына үкім шықты

© Photo : Daniel BoneСот
Сот - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бауыржан Құрманбаевқа жаза мерзімі тағайындалып, жүргізуші куәлігін тәркіледі

АСТАНА, 28 маусым — Sputnik. Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев жаяу жүргіншіні қағып өлтіргені үшін сотталды. Мас күйінде Евгений Смольниковтың өмірін қиған шенеунікке бүгін қалалық сотта үкім шығарылды, деп хабарлайды Sputnik YK-news басылымына сілтеме жасап.

Құрманбаев бір жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге бес жылға көлік жүргізуіне тыйым салынған. Жаза мерзімі 2018 жылдың 16 сәуірінен бастап есептеледі.

Қаза тапқан жігіттің әкесі Виктор Смольников сот залында болған жоқ.

Атышулы жол апаты

Сәуір айында бозбала көлік астына түсіп, алған жарақатынан ажал құшқан еді. Кейінірек белгілі болғандай, оқиға кезінде рөлде Риддер әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев болған. Қасында Өскемен әкімі Қуат Тұмабаев отырыпты.

Қаза тапқан жігіттің әкесі Виктор Смольников Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа видеоүндеу жолдап, істің әділетті қаралуын сұраған болатын. Смольников жол апатына қатысы барлардың бәрі жазасын алуын еткен.

Смольниковтың Назарбаевқа үндеуі>>

Осыдан кейін Виктор Смольниковты өз үйінің подъезінде бетперде киген біреулер сабап кетті.

Өткен жолы сот тыңдауында Тұмабаев Риддер әкімінің орынбасары Құрманбаевтың мас болған-болмағанын білмейтінін, сонымен бірге, күдіктінің көлік апатына дейін жол жүру ережесін бұзғанын да байқамағанын әрі соңдарынан полиция көлігі ергенін көрмегенін мәлімдеді.

Өскемен әкімінің сотта берген жауабы>>

Жаңалықтар
0