Мәдениет

Бұл оптикалық иллюзия адамды есінен адастырады - видео

Жазылу
500 жыл бұрынғы картинадағы иллюзия әлі күнге дейін жұртты таңғалдырып келеді

АСТАНА, 28 маусым – Sputnik. Неміс суретшісі Кіші Ганс Гольбейннің бұл суреті XVI ғасырдың бірінші жартысында пайда болғанымен, әлі күнге дейін ғалымдар мен өнерсүйер қауымның санасын сан-саққа жетелейді, деп жазады Sputnik.

200 жылдық картина су жаңа күйге енді - Sputnik Қазақстан
200 жылдық көне картина "су жаңа" кейіпке енді

Бір қарағанда Гольбейннің "Елшілер" жұмысынан ештеңе байқамауыңыз мүмкін. Алайда пішіндер мен штрихтерге мұқият зер салсаңыз, көз алдыңызда жаңа детальдер пайда бола бастайды, сезімтал жандар тіпті есінен адасуы мүмкін.

"Ридус" хабарлағандай, картинада Францияның Англиядағы елшісі Жан де Дентевилль мен жас епископ Жорж де Сельв бейнеленген. Елшінің қолында семсер бар, оны жақын келіп қарасаңыз, елшінің жасын білдіретін 29 саны көрінеді. Ал де Сельв шынтағын тіреп тұрған кітапқа қарап, оның елшіден төрт жасқа кіші екенін байқаймыз.

Суреттің дәл ортасында лютня аспабы тұр. Байқасаңыз, бір ішегіне зақым келген. Бұл — саяси кикілжіңнің символы.

Суретші ұсақ детальдерге ерекше мән берген. Перденің ар жағына білдіртпей Иса пайғамбар керілген кресті салыпты.

Ең қорқынышты деталь ер адамдардың аяқ жағында. Не екені белгісіз дақ, бір қырынан қарағанда, адамның бас сүйегіне айналады.

Жаңалықтар
0