Спорт

Джейкобс Головкиннен қайтарып алынған IBF белбеуіне таласпайды

© AP Photo / Rich SchultzДаниэль Джейкобс
Даниэль Джейкобс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Джейкобстің промоутері жекпе-жектің НВО телеарнасында көрсетілуін талап етіп отыр

АСТАНА, 27 маусым — Sputnik. Дэниель Джейкобс Геннадий Головкиннен қайтарып алынған IBF титулы үшін Сергей Деревянченкоға қарсы өтетін жекпе-жектен бас тартуы мүмкін, деп хабарлады Prosports.kz allboxing.ru-ға сілтеме жасап. 

Бұл туралы боксшының промотуері Эдди Хирн мәлімдеді.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин "Канелоны" не үшін нокаутқа түсіргісі келмейтінін мойындады

Эдди Хирн жекпе-жектің Джейкобспен келісімшарт жасасқан НВО телеарнасы арқылы көрсетілуін талап етіп отыр. Егер жекпе-жек басқа телеарнада көрсетілсе, Джейкобс рингке шықпайтынын мәлімдеді. Ол кезде IBF Деревянченкоға басқа қарсылас іздейді.

 Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді әлем чемпионы атағынан айырған болатын. 

Араға бір апта салып, IBF қаулысына сәйкес, бос тұрған титулға украиналық Сергей Деревянченко (12-0, 10 КО) мен  америкалық экс-чемпион Дэниел Джейкобс (34-2, 29 КО) таласатыны мәлім болды.

Жаңалықтар
0