Әлем

Қол астындағы қызметкерлерді ұрып-соғатын аудан басшысы ауруханаға түсті

© Sputnik / Андрей Стенин / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем, архивтегі фото
Жедел жәрдем, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Абдурашид Мамировтың бас сүйегі бірнеше жерден сынған, миына зақым келген, қабырғалары сынған

АСТАНА, 27 маусым — Sputnik. Өзбекстанның Әндіжан облысы Боз ауданының басшысы Абдурашид Мамиров 21 маусым күні кешке ауыр жарақатпен Әндіжан қалалық медициналық орталығына түсті. Мамиров қарамағындағыларға былапыт сөздер айтып, қол көтеруімен танымал болған еді.

Жасөспірім - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жасөспірімді соққыға жыққан экс-әкімге қатысты сот шешімі шықты

Әкімнің басына ота жасалды, дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп отыр. Озидлик радиосы дереккөзінің мәліметі бойынша, Мамировты соққыға жыққан болуы мүмкін. Аудандық әкімдік шененунігі оның ауруханаға түскенін растады, бірақ не болғанын айтпады.

"22 маусымда оның басына ота жасалды. Оның бас сүйегі бірнеше жерден сынған, миына зақым келген, қабырғалары сынған. Қазір ол есін жиды, бірақ жағдайы ауыр", — деп centralasian.org денсаулық сақтау министрлігінің Әндіжан облыстық басқармасындағы маманның сөзіне үзінді келтірген.

Әндіжан облыстық құқық қорғау органының қызметкері Мамировтың ауруханаға түскенін растағанымен, оны соққыға жыққан деген мәліметті жоққа шығарды.

"Мамиров құлағаннан басын жарақаттаған. Қазір ол ауруханада емделіп жатыр. Бұған қатысты қылмыстық іс қозғалмады", — деді құқыққорғау органының қызметкері.

Бірқатар шенеунік әкімнің жолда келе жатып жараланғанын, енді тағы біреулері екінші қабаттан құлап кеткенін айтқан.

Риддердегі атышулы жол апаты: Өскемен әкімі оқиға орнынан неге кетіп қалғанын түсіндірді>>

Абдурашид Мамиров 2017 жылы ақпанда Боз ауданына басшы болып тағайындалды. Бұған дейін ол Әндіжан облыстық білім басқармасын басқарған. Жергілікті тұрғындар оның қарамағындағыларға былапыт сөздер айтып, тіпті қол көтеруге дейін баратынына шағымданған.

Әбдірахымов шымкенттіктердің табысын көтеруге уәде берді>> 


Жаңалықтар
0