АСТАНА, 27 маусым — Sputnik. Астанада №1 перинаталдық орталықта көз жұмған әйелдің күйеуі Сапар Әміртай денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа үндеу жасады, деп хабарлады Sputnik.
"Мен денсаулық сақтау министрі Біртановқа үндеу жасаймын. Ол балаларды аман алып қалу үшін көмек қолын созуыңызды сұраймын. Қазақстанның мүмкіндігі бар, қуатты мемлекетпіз, шетелден мамандар шақыртуға шамасы келеді. Мүмкін мұндай жағдай басқа елдерде болған шығар", — деді 34 жастағы Астана тұрғыны.
Ол өзін осындай жағдайға тап болған адам ғана түсінетінін атап өтті.
"Бұл бала мен үшін – ең ардақты, мен оған күн сайын барамын. Қазір жан сақтау бөлімінде жатыр, бар үмітім сол кішкентай балада. Осы балаларды құтқарып қалу үшін мені естіп тұрған адамдардың барлығына үндеу жасаймын. Ендігі қаза өте ауыр болады. Балалар кінәлі емес, олар өмір сүреді деген үміттеміз", — деп толықтырды Әміртай.
Әміртайдың марқұм болған жұбайы 31 жаста болған, 20 маусым күні қыз туып, келесі күні көз жұмған. Оның айтуынша, тоғыз ай бойы жұбайының жағдайы жақсы болған. Ерлі-зайыптының жаңа туған қыздан басқа тағы бір қызы бар.
Бұған дейін Астананың№ 1 перинаталды орталығында жаңа босанған екі ана көз жұмғаны белгілі болды. Оқиғаның бірі 21 маусымда, екіншісі 25 маусымда болған. Әйелдердің балалары тірі, алайда жан сақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр.
Астанада жас босанған әйелдер көз жұмған босандыру бөлімі уақытша жабылды>>
Атырауда жас босанған әйел мен оның баласы қайтыс болды>>