Өңірлер

Түркістан облысында департамент басшысына орынбасарының кесірі тиді

© REUTERS / YVES HERMANПортфель ұстаған шенеунік, архивтегі фото
Портфель ұстаған шенеунік, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары 1,2 миллион доллар пара алды деген күдікке ілінді

АСТАНА, 27 маусым — Sputnik. Түркістан облысында Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы өз еркімен қызметінен кетті. Оның бұл әрекетіне орынбасарының қомақты пара алды деген күдікке ілінуі себеп болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Кісеннің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда жоғары лауазымды дипломат ұсталды

"Басшы өзінің қарамағындағы қызметкерлеріне моральдық тұрғыда жауапты. Ол өзіне бағынышты қызметкерлер сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінуіне байланысты облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті басшысы лауазымын босатуды өзінің азаматтық борышы деп есептеді", — деп жазылған депараменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Алтынсары Үмбетәлиев мемлекеттік қызметте 40 жылдай қызмет атқарған. 

Осы жылдың маусым айының басында ОҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Н.Теңлібаев пара алды деген күдікпен ұсталды. Уақытша ұстау изоляторында отырған күдіктінің ісіне әлі нүкте қойылған жоқ.

"Кедентранссервис" АҚ вице-президенті ұсталды>>

Қазақстан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес, департамент басшысының орынбасары қылмыстық схема құрып, оған өзіне бағынатын төрт кеден бекетінің басшыларын тартқан. Осылайша кәсіпкерлерден сыртқы экономикалық қызметіне қамқорлық көрсеткені үшін жүйелі түрде пара алып тұрған. 2017-2018 жылдары алынған заңсыз сыйақы мөлшері 1,2 миллион АҚШ долларын құраған.

Алматы полицейлері ірі көлемде парамен ұсталды>> 


Жаңалықтар
0