Қоғам

"Миға сыймайды". Қыдырәлі Болман атышулы дауға қатысты өз шындығын айтты

© Sputnik / Болат ШайхиновҚыдырәлі Болмановтың қатысуымен баспасөз конференциясы
Қыдырәлі Болмановтың қатысуымен баспасөз конференциясы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қыдырәлі Болманның айтуынша, коттедж – коммуналдық меншік, оны ешкім Ырза Тұрсынзададан тартып алған жоқ. Барлығы заң аясында жүзеге асқан

АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Белгілі продюсер, әнші, кәсіпкер Қыдырәлі Болман БАҚ өкілдерімен кездесіп, Ырза Тұрсынзаданың жұлдызды жұпқа таққан айыбына қатысты жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Еске сала кетсек, танымал қолөнерші Ырза Тұрсынзада Қыдырәлі Болман мен Қарақат Әбілдинаны он жылдан бері жалға алып отырған коттеджін тартып алды деп айыптаған еді. Айтуынша, әншілер "Алтын Орда" халықаралық қолөнершілер академиясының ғимаратын дизайнер іссапармен өңірлерді аралап жүргенде тартып алыпты.

Бүгін Қыдырәлі Болман заңгер Аманбол Әбеуовпен бірге БАҚ өкілдерімен кездесіп, Ырза Тұрсынзаданың айтқандарын жоққа шығарды. 

Коттеджді мектеп директоры әкімшілік ұсынған 17 ғимараттың ішінен таңдап алған

Қыдырәлі Болман - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қыдырәлі мен Қарақат Астанада коттеджді тартып алды деп айыпталып жатыр

Қыдырәлі Болман Ырза Тұрсынзада 9 жылдай жалға алған коттедж біреудің жеке меншігі емес, коммуналдық нысан екенін мәлімдеді. Әкімшілік балалар мектебіне ыңғайлы орын ретінде ұсынған 17 ғимараттың ішінен таңдап алынған. Онда да дәл сол коттеджді жұлдызды жұп емес, мектеп басшылығы өздері таңдаған. 

"Осыдан бір жарым жыл бұрын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында мектеп ашу туралы әкімдікке хат жазылды. Одан кейін хатқа жауап келіп, кейін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпоративі (Астана – ред. ескертп.) біздің мектеппен келісімшартқа отырды. Кейін үлкен кеңес өтіп, ғимарат тек содан кейін ғана берілді", — деді Болман Sputnik баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында.  

Продюсердің сөзіне сенсек, аталған коттеджді кім жалға алып отырғанын, ішінде кімнің тұратынын әлеуметтік-кәсіпкерлік корпоративі де, ішкі істер басқармасы да, тіпті сот орындаушылары да білмеген. Өйткені оның иесін еш жерден таба алмаған. 

"Барлығы бір адамды іздеп жүрген. Бірақ оның кім екенін ешкім білмейді. Ал сонда біз қайдан білуіміз керек?", — дейді кәсіпкер. 

Қыдырәлі Болманов карикатура жайлы: ер-азаматтың намысы – ең бірінші орында>>

Журналистермен кездесуге заңгер Аманбол Әбеуов те қатысты. Заңгер барлық құжаттар мен видеоларды көрсетіп, істің ақ-қарасын айтты. 

Белгілі болғандай, коттеджді жалға берген "Астана" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпоративі былтыр желтоқсан айында ғимаратта кімнің тұрып жатқанын анықтау үшін ішкі істер органдарына өтініш жазған. Кейінірек, Алматы ауданы әкімдігі де полицияға жүгінген. Бірақ, ғимараттағы тұрғындардан еш байланыс болмайды. Сөйтіп, "Астана" ӘКК мен "Қарақат" мектеп-студиясын басқаратын "Айсұлтан Арт" компаниясы арасында келісімшарт жасалып,  компания адвокаттық кеңсе жалдайды. 

"Адвокаттық кеңсе жинаған деректерге сәйкес, сот ғимаратта заңсыз тұрып жатқан тұлғаларды мәжбүрлеп көшіру туралы шешім қабылдаған. Құзырлы органдар да, Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина да ғимаратта кімнің тұрып жатқанын анықтай алмаған", — деп баяндады істің мән-жайын заңгер.

"Ырза апайымыздың үйінің табалдырығын аттап басқан емеспін"

Қыдырәлі мен Қарақат - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Қып-қызыл жала!". Қыдырәлі мен Қарақат өздеріне тағылған айыпты жоққа шығарды

Қыдырәлі Болман Ырза Тұрсынзаданың қай жақта тұратынын да, тіпті немен айналысатынын да дұрыс білмейтінін ашық айтты. 

"Қарақатты бірнеше рет жарнамаға түсуге шақырды. "ЭКСПО" көрмесінде киіз үй тігіп, фототүсірілім ұйымдастырды. Қарақат ол кезде енді ғана босанған, сәбиіміз әлі қырқынан шықпаған еді. Үлкен кісінің көңілін қимай, өтінішін жерге тастамады. Бірақ ол кісімен тым жақын араласып немесе жауласқан емеспіз. Сәлеміміз түзу. Апайымыздай сыйлап, құрметтейміз", — деді әнші. 

"Алланың атымен ант бере аламын, мен ол үйге аяқ басып көрген емеспін. Ол кісінің неге олай айтқаны миға сыймайды?! Директор әкімшілік ұсынған тізімнен таңдаған. Балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығы тұрғысынан таңдауы да дұрыс. Ол директорға тізімді берген мен емес қой. Қарақат екеуміздің қандай кінәміз бар?", — деп ашынды продюсер. 

Болман бір жыл екі ай ішінде Ырза Тұрсынзаданың неге тым құрығанда өздеріне хабарласып, істің ақ-қарасын білуге тырыспағанына аң-таң екен. 

Айнұр Тұрсынбаева - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Айнұр Тұрсынбаева: айдаладағы жезөкшелерді неге насихаттауым керек?

"Бір жыл екі айда бір шара қабылдауға болады ғой. Мәселен, бізге неге хабарласпады? Сонда мынадай шу көтеріліп, бәрі оп-оңай шешіле салатын еді. Бұл жерде мен түсіндіре алмайтын түсініксіз, беймәлім бір нәрсе бар… Әжесіндей адаммен сөз таластырып, немесе тіресу ер-азаматқа жараспайтын дүние. Қанша жыл ел алдында жүрмін, ондайға ешқашан барған емеспін. Бірақ, бүгін БАҚ өкілдерімен кездесуге тура келді. Неге? Өйткені ол кісінің Қарақаттың арына тигізіп айтқан сөздері мені осыған мәжбүр қылды", — деп ағынан жарылды Болман. 

Қарақат Әбілдина Ырза Тұрсынзададан аудиожазба арқылы кешірім сұраған

Жұлдызды жұп мектеп ғимараты ретінде таңдалған коттеджді қолөнерші Ырза Тұрсында жалға алып отырғанын Рамазан айында бір-ақ білген.  Ол кезде коттеджің құжаттары рәсімделіп, тиісті келісімшартқа қол қойылып қойған екен. 

"Қарақат осы жағдайды естіген кезде, бірден Ырза апамызға хабарласты. Бірақ ол кісі телефонды көтермеген соң, аудиожазба қалдырды", — деді Болман. 

Баспасөз мәслихатынан кейін журналистер әнші Қарақаттың Ырза Тұрсынздаға жолдаған хабарламасын тыңдады. Әнші коттедждің дизайнерге тиесілі екенін ӘӘК арқылы жақында ғана білгенін айтады. 

Жаңа туған нәресте - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Лимузин, отшашу, ұлан-асыр той: елімізде сәбиді перзентханадан қалай шығарып алады?

"Бұл ғимарат сіз тұрған коттедж екені үш ұйықтасақ түсімізге кірмеген. Кейіннен біліп жатырмыз. Мен не үшін сізге хабарласып тұрмын? Біріншіден, қасиетті Рамазан айында сізден кешірім сұраймын. Сізге қастандық ойлап, әдейі сол коттеджді алу деген пиғылымыз да, ойымыз да жоқ. Оны сіз жақсы білесіз. Бұл жерде Алла Тағала айналдырып алып келіп,  неге басқа емес, сіздің коттеджді бізге бұйыртып тұрғанын мен мүлде ұқпадым. Оны жаратқан Алла өзі біледі. Өзіңізбен сыйласқан сіңліңіз ретінде үндемей қала алмаймын, сол себепті бірауыз өзіңізге жазып отырмын. Ең бастысы, алдыңыздан өтіп, қалай болғанын түсіндірейін деп. Ренжімеңіз. Дәл сіздің дүниеңізге қол сұғу туралы ой да болған жоқ. Бірақ енді осылай реті келген екен, өзіңізден кешірім сұраймын. Әлі талай ортада кездесеміз, дұрыс түсінуіңізді өтінемін…Барлығына Алла куә. Ісіңізге береке тілеймін", — делінген дыбыстық хабарламада.

Қыдырәлі мен Қарақат сәбилі болды>>

Жаңалықтар
0