АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Мексикалық боксшы Сауль Альварестің промоутері Оскар Де ла Хойя Геннадий Головкинге қарсы екінші жекпе-жекке қол жеткізу үшін өз қалтасынан қанша қаражат қосқанын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.
"Расымен айырмашылықты [42,5% және 45% арасындағы] толтырып, осы жекпе-жекке қол еткізу үшін өз қаражатымды да салдым. Иә, бірнеше долларымнан айырылған шығармын, бірақ бәрі ойдағыдай. GGG бәліштің ірілеу бөлігін алғысы келді. Мәселе бірнеше миллион долларға тіреліп тұрды. Оны "Канелодан" ала алмадым, өйткені ол да өз дегенінен қайтпады, сол себепті артық ақшаны өзім төледім", — дейді Де ла Хойя.
"Головкинді қызықтырғаны ақша емес". Санчес GGG "Канелодан" не талап еткенін айтты>>
"Канело" — GGG қарымта жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena рингінде өтеді.
Головкин — "Канело" рематчының табысы қалай бөлінетіні айтылды>>
"Ол құрметтің не екенін білмейді". Головкин "Канелоға" тағы шүйлікті>>