27 маусымда сағат 15.00-де Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында "Көшпенділер әлемі" атты халықаралық көшпенділер мәдениеті фестиваліне арналған баспасөз брифингі өтеді.
Этнофестиваль 30 маусым мен 1 шілде аралығында "Қазанат" ипподромы аумағында орналасқан "Этноауыл" ұлттық-мәдени кешен жанындағы алаңда болады.
Астананың 20 жылдығы аясында өтетін фестивальде ортағасырлық батырлардың образы, жекпе-жектер, ат үстінде өнер көрсету және көшпенділер мәдениетінің тағы басқа элементтері халық назарына ұсынылады.
Фестивальге Венгрия, Болгария, Түркия, Украина, Башқұртстан, Якутия, Қырғызстан және Қазақстан командалары қатысады.
Шара ұйымдастырушылары – Kazakh Tourism ҰҚ АҚ, ҚР мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің тапсырысы бойынша, Астана әкімдігінің қолдауымен.
Қатысушылар:
- Тимур Дүйсенғалиев, "Kazakh Tourism" ҰҚ" АҚ басқарма төрағасының орынбасары;
- Тилла мен Флора Торок, Tilla Török Band музыкалық ұжымының әншілері, Венгрия;
- Ерлен Оспанов, ҚР ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті;
- Әсел Әлішерова, "Сарбаз Рухы" тарихи-патриоттық тобының директоры;
- Нұржан Алғашов, саяхатшы, блогер, Qazaq Geography ұлттық географиялық қоғамының мүшесі.
Спикерлер фестивальдің идеясы мен мақсаты, сонымен бірге жоспарланған айрықша қойылымдар туралы айтып береді.
Аккредитация бойынша келесі нөмірге хабарласыңыз: Райхан Жұбаева, +7 708 864 94 22 (2018 жылдың 27 маусымында 12.00-ге дейін).
E-mail: dzhubaeva.r@gmail.com