Қоғам

Емшектегі баланы ұстап отырған ХҚКО қызметкерінің суреті желіде дау тудырды

© Photo : Harald_LandsrathЖаңа туған бала
Жаңа туған бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жас ана баласын ХҚКО операторына сеніп тапсырып, құжаттардың көшірмесін жасатуға кеткен

АСТАНА, 26 маусым — Sputnik. Бір қолымен клиенттің жаңа туған баласын ұстап отырған Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің суреті әлеуметтік желілерде сынға ұшырады.   

Cуретті әлеуметтік желіге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай жариялады.

"Жас ана баласын ХҚКО операторына сеніп тапсырып, құжаттардың көшірмесін жасатуға кеткен. Жаңа туған Аяулым анасы келгенше қызметкер Баян Бабаеваның қолында жайлы ұйықтады. Адамдар біздің қызметкерлерге сенім артатыны көңіл сүйсіндіреді!" — деп жазды суретке Жұманбай. 

Димаш Құдайбергенов Евразия кинофестивалінде - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Димаш Құдайбергенов Ақтөбедегі ХҚКО-да паспортты қалай жасатты?

Дегенмен пікір білдірушілердің бәріне бірдей бұл ұнай қойған жоқ. Әлдебіреу өзге әйелге баласын сеніп тастап кеткен ананың жауапсыздығына шағымданған. Енді бірі баласын тастап кететін адам болмағандықтан бұған мәжбүрлі түрде барғанын айтып жатыр. "Туыстары өзге қалада, достары жұмыста, бала күтуші жалдауға ақша жоқ" деп жазды ол. Әйелін жас баламен ХҚКО-ға жалғыз жіберген баланың әкесін айыптағандар да табылды. Тағы бірі  ХҚКО-ны "Шұғыл бала бағушылар орталығы" деп атап, қалжыңға айналдырды.  


Жаңалықтар
0