Оқиға

Астанадағы жол апаты: жас жігіт оқиға орнында көз жұмды

© Sputnik / Андрей Стенин / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем, архивтегі фото
Жедел жәрдем, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүргізуші екі адамды қағып кеткен, оның біреуі оқиға орнында қаза тапса, екіншісі ауруханаға жеткізілді

АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Астанада 25 маусым күні жүргізуші көлігімен екі адамды қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Түркістандағы жантүршігерлік жол апаты: 9 адам зардап шегіп, үшеуі қаза тапты

Жол апаты 25 маусым күні сағат 08:20-да Бауыржан Момышұлы даңғылы мен Аманат көшесінің қиылысында болған. "Тойота королла" көлігінің жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. 

"Салдарынан 24 жастағы жігіт оқиға орнында қаза тапты. Ал 63 жастағы ер адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді", — деп мәлімдеді Астана ІІД баспасөз қызметінен. 

Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалған.

Алматыда жүргізуші мен жолаушының ажалы ағаштан болды>>

Дубайда қазақстандық қыз жол апатынан қаза тапты>> 


Жаңалықтар
0