Қоғам

Рамазан Әлімқұлов уәдесінде тұрып, алматылық түлекке iPhone сатып алды

© Sputnik / Жания УранкаеваРамазан Әлімқұлов уәдесінде тұрып, алматылық түлекке iPhone сатып алды
Рамазан Әлімқұлов уәдесінде тұрып, алматылық түлекке iPhone сатып алды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық тестілеу орталығы бүкіл елге танымал болған Шиара Құдайбергенованы Астанадағы баспасөз конференциясына шақырды

АСТАНА, 26 маусым — Sputnik. Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов ҰБТ-да ең жоғары балды жинаған алматылық түлекке iPhone сатып алды.

Шиара Кудайбергенова - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ҰБТ-дағы алғашқы 140 балл: ең жоғары нәтиже көрсеткен түлекке сыйлық беріледі

Әлімқұлов биылғы жылдың мамырында ҰБТ-ның он бес жылдық мерейтойы құрметіне алғаш болып ең жоғары балл жинаған түлекке сыйлық жасайтынын мәлімдеген еді. Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Алматы қаласындағы №123 мектеп-гимназияның түлегі Шиара Әбдірахымқызы Құдайбергенова Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде ең жоғары 140 балды жинағанын ести сала, уәдесін орындауға асықты, түскі үзіліс кезінде гаджет сатып алуға барды.

ҰБТ-2018: Ерекше шпаргалка жасаған түлек министрліктің қызығушылығын тудырды>> 

"Биыл ең жоғары деңгейге жеткенімізге қуанып отырмыз. Бұл қуанышты күнді өткен жылы тестілеудің жаңа форматы енгізілгеннен бері күтіп жүрген едік. Уәдемді орындап, телефонды сатып алдым, енді сыйлықты тапсыру үшін Шиарамен кездесуді күтеміз", – деді Рамазан Әлімқұлов Sputnik тілшісіне.

© Sputnik / Жания УранкаеваРамазан Алимкулов выполнил обещание и купил iPhone выпускнице из Алматы
Ұлттық тестілеу орталығының басшысы ҰБТ-дан 140 балл жинаған түлекке өз атынан сыйлық жасады - Sputnik Қазақстан
1/2
Рамазан Алимкулов выполнил обещание и купил iPhone выпускнице из Алматы
© Sputnik / Жания УранкаеваШиара Кудайбергенова из Алматы стала обладательницей iPhone
Алматылық Шиара Құдайбергеноваға iPhone сыйға беріледі - Sputnik Қазақстан
2/2
Шиара Кудайбергенова из Алматы стала обладательницей iPhone
1/2
Рамазан Алимкулов выполнил обещание и купил iPhone выпускнице из Алматы
2/2
Шиара Кудайбергенова из Алматы стала обладательницей iPhone

Смартфонды тапсыру үшін алматылық түлек Астанадағы қорытынды баспасөз  конференциясына шақырылды. Егер ол елордаға келе алмай қалған жағдайда сыйлықты ұлттық тестілеу қызметкерлері апарып береді.

Оқушы қыз - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бозбала бойжеткенді іздеп жүр: ҰБТ кезінде ғашықтық хикаясы болды

"Шиараға сәттілік тілеймін. Ол үлкен өмірге қадам басып жатыр. Қажетті мамандықты таңдап, жақсы маман болып шығуына тілектеспін. Ал оның білімі мен тәжірибесі еліміздің дамуына септігін тигізеді деген ойдамын", – деді Рамазан Әлімқұлов.

 Ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусымда басталған. ҰБТ-ны биыл 102 447 түлек тапсырады.

Ақтөбеде ҰБТ қарсаңында "Алтын белгі" иегері мектеп түлегін өлтірді>> 

Жаңалықтар
0